«Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының ауданы 343040,1 гектарды, «Ащыөзек» мемлекеттік табиғи қаумалының ауданы 314504,1 гектарды құрайды. Қазіргі таңда резерват пен қаумалда 75 адам жұмыс істеп жатыр.
2022 жылы шілдеде Қазақстан Үкіметі «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты мен Ащыөзек мемлекеттік табиғи қаумалының құрылғанын жариялады. Бұған дейін негіздемелерді дайындау және жобалық құжаттарды өңдеуге арнайы 10 жылдық жұмыс жүргізілді. Аумақ алғаш рет сонау 2011 жылы зерттелген болатын.