Фототұзақтың әрбір кадрының артында — көзге көріне бермейтін еңбек, ізденіс пен жауапкершілік жатыр.
Фототұзақтар — жабайы жануарлардың табиғи тіршілігін, мінез-құлқын және мекен ету ерекшеліктерін олардың қалыпты өміріне кедергі келтірмей зерттеуге мүмкіндік беретін құрал.
Фототұзаққа түсірілген әрбір кадрдың артында жүйелі жұмыс бар. Құрылғыны орнату, оның жұмысын тексеру, түсірілген материалдарды жинақтау және алынған деректерді талдау — табиғатты зерттеу мен биоалуантүрлілік мониторингінің маңызды бөлігі.
Бұл жұмыстың артында «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының табиғатты қорғау бағытында еңбек ететін қызметкерлері тұр.
Назарларыңызға фототұзақ объективіне түскен кадрлар мен құрылғыны орнату барысынан бейнематериалдарды ұсынамыз.
Толығырақ: https://www.instagram.com/reel/Deiopt4BACR/?mdxt=MnRidHE0NzJzYWE2