Недавно министр, заместитель, директор и инспекторы приехали в Жанибекский район Западно-Казахстанской области.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев бастаған топ Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауылының оңтүстік-батыс бетінде орналасқан стационарға барып, Ресейдің табиғат министрлігінен келген өкілдермен кездесті. Кездесуге Ресей Федерациясы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің халықаралық ынтымақтастық және климаттық өзгерістер департаментінің директоры Иван Александрович Куш, Ресей Федерациясы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мемлекеттік саясат және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту саласын реттеу департаменті директорының орынбасары Мария Сергеевна Деревянко, Ресей Федерациясы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің халықаралық ынтымақтастық және климаттық өзгерістер департаментінің екіжақты ынтымақтастықты дамыту бөлімі бастығының орынбасары Наталья Васильевна Рощина, Ресей Федерациясы Волгоград облыстық экология және орман шаруашылығы табиғи ресурстар комитеті төрағасының орынбасары Андрей Александрович Шалаев, Саратов облысының аңшылық және балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Сергей Валентинович Сухов келді. Маңызды кездесу кезінде киік популяциясын сақтау мәселесі талқыланды