Жуырда Қазақстан Республикасы Экология және Табиғи Ресурстар Министрлігінің вице-министрі Нұркен Шәрбиев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді

Жуырда Қазақстан Республикасы Экология және Табиғи Ресурстар Министрлігінің вице-министрі Нұркен Шәрбиев Батыс Қазақстан облысындағы «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты орналасқан оңтүстік аудандарға жұмыс сапарымен келді. Вице-министр Казталов ауданы Тереңкөл ауылдық округіне қарасты далалық аймақта жергілікті атқарушы орган өкілдері және шаруа қожалық жетекшілерімен кездесіп киік мәселесін кеңінен талқылады. Киіктің басым көпшілігі облысымыздың оңтүстік аудандарындары аумағында орналасқан. Осы аумақтағы шаруалары мен тұрғындар киіктің көптігінен мал азығын дайындауда қауқарсыздық танытып жатқандарын жергілікті атқарушы органдарға шағымданып, әлеуметтік желілерде де өз пікірлерін білдіруде. Вице-министрге де наздарын жеткізген шаруалар мемлекеттен қолдау күтетіндіктерін жеткізді. — Киік ресми деректерден де шамадан тыс көп деп есептейміз. Даланың еркесі деп тым еркінсіттік, енді зардабы өзімізге тиіп отыр. Шөпті таптап, жүрген жерін тақыр қылуда. Қазіргі уақытта өткен жылдан қалған азын-аулақ шөпті қанағат қылып: «шықпа жаным шықпаның» - күйін кешіп отырмыз. Мемлекет тарапынан киіктің санын реттеу және одан зардап шеккен шаруаларға қажетті қолдау шаралары көрсетілсе екен дейміз, - деді шаруалар.