“Жануарларды есепке алу” іс шарасы

2025 жылдың акпан айының 25 жұлдызында Бөкейорда мемлекеттік табиғи резерватының инспекторлары Батыс Қазақстан облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен біріге отырып кезекті рейдтік “Жануарларды есепке алу” іс шарасын жүргізді.

Іс-шараны аңтанушы-биолог, инспекторлар жүзеге асырды. Жұмыс барысында аңдардың ізіне, кездесу орындарына, аудиобақылау, визуалды бақылауға назар аударылды. Сонымен қатар инспекторларымыз табиғатқа зиян келтіретін, заңсыз әрекеттердің алдын алуға жұмыс жүргізді.

ЖАНУАРЛАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ– жануарлардың көп тараған жерінде жалпы санын анықтау. Бұл маңызды жұмыстар, жануарлардың санының арту немесе кему динамикасын бақылауға мүмкіндік береді.