ЖАНУАРДЫ АРНАЙЫ ОРТАЛЫҚҚА ОРНАЛАСТЫРДЫ

Өздеріңізге мәлім болғандай, «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты аумағынан табылған бұғы тектес дала жануарын тағдыры туралы алаңдап, бізбен хабарласып жатқан азаматтар баршылық. Бүгін осы мәселеге нүкте қойылды. Яғни, Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің тікелей қолдауымен Батыс Қазақстан облыстық білім беру басқармасына қарайтын «Батыс Қазақстан облыстық экология биологиялық орталығы» мекемесіне хабарласып, дала жануарын осы орталыққа орналастыру туралы бастама көтерілген болатын. Соның сәті бүгін туды.

8 қаңтар күні Казталов аудандық полиция бөлімінің және Казталов аудандық ветеринариялық станциясынан рұқсат қағаздар толтырылып, «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты қызметкерлерімен бұғы тектес дала жануарын арнайы орталыққа апару үшін Орал қаласына сапар шекті. Бұғы жануары жолда жарақат алмау үшін арнайы қорапша жасалып, қасына ветеринар дәрігері мен «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының мемлекеттік инспекторы бірге барды. Ендгі кезекте бұғы тектес дала жануары өзіне қолайлы экологиялық ортада бағылатын болады.

«Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының баспасөз қызметі