ТҮСІНІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының аумағына кіретін орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тұрақты мониторинг жүргізіп, профилактикалық, рейдтік іс-шаралар жүргізіліп отырады. Оның сыртында, халыққа, әсіресе резерват территориясына жақын шаруа қожалықтарының қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Жуырда «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты директорының орынбасары Аслан Сәрсембиев қызметте жүрген мемлекеттік инспекторларға дала өртіне қатысты техникалық қауіпсіздік және дала өртін алдын алу және анықтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Аслан Абайұлы өрт шығу қауіпі жоғарылайтын мезгіл басталғанда БАҚ арқылы алдын алу, түсіндіру жұмыстары ұйымдастыру туралы айтты. Сондай-ақ шаруа қожалықтарын аралып, қызметкерлері мен басшыларына өртті болдырмау, сақтану шараларына қатысты нұсқаулықтар беру және өрт сөндіру құралдарының дайындығын тексеріп, арнайы ескерту парақтары тарату жөнінде тапсырма берді.