Жыл қорытындысы, жаңа бастамалар

2025 жылдың 18 ақпан күні Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қ.Айтмұхамбетовтің төрағалығымен табиғат қорғау мекемелерінің 2024 жылда атқарылған жұмыстарының қорытындысы және 2025 жылға жоспарланған міндеттері тақырыбында кеңес өтті.

Аталған кеңесте, БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы басшысының орынбасары К.Кадешев, БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Д. Закарин, «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының директоры Ұ. Мамырбаев, «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Батыс-өңірлік филиал басшысының орынбасары Т. Кенжахметов, Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры А. Елеусінов өз бағыттары бойынша сөз сөйледі.

Табиғатты қорғау - бұл табиғи жер және су ресурстарын ұтымды пайдаланып, сақтауды және ұдайы өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әкімшілік-шаруашылық, техникалық-өндірістік, экономикалық және заңды шаралар жүйесі.

Кеңес қорытындысы бойынша ұсыныстар жинақталып, қажетті тапсырмалар берілді