обратный звонок
Обсудите ваш проект с нашими экспертами
Казталов ауданы орталығындағы Казталов мектеп -лицей жанындағы интернат оқушыларымен Бөкейорда МТР- РММ да қарағай тұқымын контейнерларға отырғызу ұйымдастырылды!
Мақсаты:Таза Қазақстан акциясы аясында оқушыларға табиғатқа жанашырлық таныту,өсіру және экологиялық мәдениеттіліктерін дамыту.
Адам үшін табиғат – ең қасиетті де қастерлі ұғым. Өйткені, адамның өзін дүниеге әкелетін аяулы да, қадірлі жан – анасы болса, адамның табиғатты “Ана” деп құрметтеуінде өте үлкен мән жатыр. Адам – табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Адамның табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес. Себебі, адам өміріне қажетті заттардың барлығын табиғаттан алады. Сондықтанда табиғатты аялау біздің басты міндетіміз.