ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

15 наурыз күні «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының «Табиғи кешендер мен обьектілерді өсіру және табиғатты пайдалану» бөлімінің басшысы Аслан Сарсембиев, орман өсіру инженері Жасұлан Батыров, аңтанушы, биолог, мемлекеттік инспектор Болат Айдынғалиев Казталов ауданының Тереңкөл мектеп-бөбекжай кешенінде оқушылармен бірге дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелде табиғатты қорғау, қоршаған ортаға күтіммен қарау мәселелері талқыланды. Жиында оқушыларға «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының мақсаты мен жұмысы таныстырылды. Сонымен қатар, дөңгелек үстелде «Ақбөкен достары» клубын қайта жандандыру ұсынылды.

«Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының баспасөз қызметі

ЗКО территориальная инспекция лесного хозяйства и животного мира

АСБК - Казахстанская ассоциация сохранения биоразнообразия

RSPB