ТАБИҒАТТЫ БІРГЕ ҚОРҒАЙЫҚ!

Қазіргі таңда экология ғылымы адам өміріндегі ең өзекті мәселелерді бүкіл адамзат алдына қойып отырған ғылымның бірі. Ғылымның негізгі зерттеу нысаны адам- табиғат–қоғам арасындағы табиғи тепе-теңдікті сақтау болып отыр. Адам өзіне қажетті өмір сүру, ортаның қолайлы болуы үшін, табиғатпен қарым-қатынасына, байланысына ғылыми тұрғыдан алдын-ала сараптама жасау керек. Адам мен табиғат арасындағы өзара тығыз байланыстықты үйлесімді түрде жүргізуді барлық адамзатқа тәрбие беру мәселесінен бастау қажет. Әрбір халықтың табиғатқа деген сүйіспеншілігі, мейір-шапағаты, аялы алақаны сол табиғатқа деген қарым –қатынасы арқылы анық білінеді. Экология ғылымының зерттейтін басты мәселесінің өзі адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасқа тікелей байланысты болғандықтан басты назарда ұсталынуы қажет.

Экология ғылымына соңғы жылдары ерекше көңіл бөлінуде, оның көптеген жаңа салалары өмірге келуде. Біздің өмір салтымыз, табиғатқа көзқарасымыз, айналысқан шаруашылығымыз, бойымыздағы асыл адамгершілік қасиеттеріміздің бәрі де табиғат деген жанашырлық сезімді айқын аңғартады. Халқымыздың өз ұрпақтарына қалдырған сан алуан асыл мұраларының ең қомақтысы да, ең бағалысы да табиғатты аялай білуге арналған толыққанды ой-пікірлер, ұтымды ұғымдар, даналық тұжырымдарды мақтаныш сезіммен айтуға болады. Адамның шаруашылық іс - әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне білдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай – ақ, топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр. Іс жүзінде тез өндіріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады. Бүгінгі таңда қоршаған орта әлемдегі басты проблемалардың бірі болып қала береді. Экология туралы айтатын болсақ, біз судың, жердің, ауаның ластануына, сондай-ақ озон қабатының бұзылуына сілтеме жасаймыз, бұл аз ғана бөлігі. Табиғат, Жер–Ананы аялай білу ұлтымыздың өз ұрпақтарына қалдырған асыл мұраларының бірі. Сондықтан экологияны қорғау үшін аянбай еңбек етіп, тер төгуіміз қажет деп санаймын!

Аслан Сарсембиев, «Бөкейорда» МТР-ның «Табиғи кешендер мен объектілерді өсіру және табиғатты пайдалану» бөлімінің басшысы

ЗКО территориальная инспекция лесного хозяйства и животного мира