ӨРТ ТІЛСІЗ ЖАУ

Oрман және дала өрттерінің өсуі көбінесе аумақты қажет емес қалдықтардан тазарту және ауыл шаруашылығы жерлерін қажет емес өсімдіктерді немесе қалдықтарды жағу жұмыстарын жүргізу барысында орын алады. Аймақ тұрғындары төменде көрсетілген ережелерді сақтауы тиіс: – шабындық, егістік, орман алқаптарында қураған шөптерді, қоқыстарды өртеуге және бақылаусыз қалдыруға жол бермеуді; – ауа-райы құрғақ, ыстық және қатты жел кезінде от жақпауды; –демалыс орнынан кетерде алауға су құйып, құм немесе топырақ сеуіп кетуді Жанып жатқан қалдықтар мен сіріңкені лақтырмауды; Орман мен далалық алқаптарда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметі, орман шаруашылығы мен төтенше жағдайлар қызметі қызметкерлерінен құралған мобильдік топ арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылады.