ҚҰРМЕТТІ АРУЛАР!

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын!

Бүгінде алтын құрсақ ананың амандығы мен баланың жарқын күлкісі – біздің басты байлығымызға айналып отыр. Бойымыздағы ізгілік пен құт-береке атаулы сол ананың жүрегінен бастау алады.

Қазіргі кезде қоғамның кез келген саласын әйелдерсіз елестету мүмкін емес. Сіздер адал жар, қамқор ана, сенімді дос ғана емес, сонымен бірге жақсы басшы, білікті маман, іскер ұйымдастырушы болып, заман талабына сай қызмет атқарып жүрсіздер.

Абзал аналар, аяулы қарындастар!

Көктеммен қатар келген мерейлі мерексіздерге шын жүректен мықты денсаулық, мағыналы ғұмыр, баянды бақыт тілеймін. Әрбір атқан таң отбасыларыңызға ырыс пен бақ, қуаныш пен табыс әкелсін. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Игі тілекпен, «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының ұжымы