РЕЗЕРВАТ ҰЖЫМЫ САЙЛАУДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

19 наурызда елімізде ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау өтті. Саяси додада сайлаушылар Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихатқа еліміздегі ірі саяси партиялардан партиялық тізіммен ұсынылған және өзін-өзі ұсынған кандидаттарға дауыс берді. «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының ұжымы да сайлауда белсенділік танытып, өз таңдауларын жасады.

«Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының баспасөз қызметі