РАМАЗАН АЙЫНДАҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Рамазан - мейірім мен рақымшылық айы. Бұл айда адамзат баласы мұсылманның парызы саналған оразасын ұстап, құлшылқ етеді. Сонымен қатар, қасиетті Құран Кәрім түскенімен де ерекше.

Рамазан айында көпшілік қайырымдылық жасауға, ізгі амалдарды жүзеге асыруға ұмтылады. «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының ұжымы да Казталов ауылының көпбалалы төрт отбасына азық-түлік себетін табыстап, қайырымдылық жасады. Жүрегі мейірімге толы ұжымның бұл бастамасы алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

«Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының баспасөз қызметі