ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР: КИІКТЕР МИГРАЦИЯСЫ МЕН ҚҰСТАР ӘЛЕМІ

5 наурыз күні «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватын басқару жоспарын әзірлеу бойынша өткізіліп жатырған практикалық семинар аясында, Қазақстан биоалуантүрлілікті тау ассосациясы (АСБК) және Құстарды қорғау корольдік қоғамының (RSPB) өкілдерімен бірге резерват аумағына бақылау-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Казталов ауылы мен «Ащыөзек» өзені аумағына дейінгі 80 шақырымды қамтыған экспедиция барысында киіктердің миграциясы мен құстар әлемі зерттелді. Іс-сапар кезінде экспедиция мүшелері киіктер миграциясының бағыттары мен санын, үйрек, қарға, сауысқан, дала қыраны, ақ құйрықты су бүркіті, шағала сынды құстарды анықтады. Қазіргі таңда жоғарыда аталған аумақта 100 мыңнан аса киіктің бар екендігі анықталды.

«Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының баспасөз қызметі

ЗКО территориальная инспекция лесного хозяйства и животного мира

АСБК - Казахстанская ассоциация сохранения биоразнообразия

RSPB