“Парктер шеруі – 2025” және “Таза Қазақстан” акциясы аясында

15.05.2025 ж. “Бөкейорда” мемлекеттік табиғи резерватының басты ғимаратында экологиялық білім беру мақсатында Казталов мемлекеттік лицейінің оқушылары үшін “Ашық есік күні” өткізілді.

Қатысушылар резерваттың экологиялық қызметімен, биологиялық алуантүрлілігімен және табиғатты қорғау бағытындағы қызметтерімен танысты.

Табиғатқа жанашырлық — мектеп қабырғасынан басталады. Бүгінгі ашық сабақ жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға үлкен үлес қосты.