«ПАРКТЕР ШЕРУІ - 2023» ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының бастамасымен «Парктер шеруі – 2023» табиғатты қорғау акциясы басталды. Акцияның алғашқы күні «Қарасу» тоғаны маңында арнайы дайындалған алаңға 4000-ға жуық терек отырғызылды.

Экологиялық акция аясында мекеменің қызметкерлері, мемлекеттік инспекторлар терек отырғызып, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, акция барысында «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының бастамасымен, оқушылардың экологиялық сауатын арттыру мақсатында оқушыларға терек отырғызу ережесі түсіндіріліп, табиғатты қорғау мақсатындағы ескертпелер айтылды. Ал, Казталов мектеп-лицейінің оқушылары табиғатты қорғау мақсатында ұйымдастырылған экологиялық айлықты қолдайтындықтарын атап өтті.

«Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының баспасөз қызметі