МЕРЕЙТОЙ ИЕСІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

28 наурыз күні «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының ұжымы, резерваттың бақылау-тексеру басқармасының бастығы Батырхан Байғонақовты 63 жас мерейтойымен құттықтады. «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының директоры Ұлан Мамырбаев мерейтой иесін құттықтап, жылы лебізін білдіріп, арнайы алғыс хатпен марапаттап, ұжым атынан қазақтың ұлттық киімі шапанды тарту етті. Сонымен қатар, Батырхан Қайырханұлына аудан әкімі Рүстем Зұлқашевтың құттықтау хаты табысталды.

Өзінің саналы ғұмырында құқық қорғау органдары саласында, мемлекеттік қызметте жұмыс істеген еңбек адамы бүгінде өңірімздің экологиясының дамуына, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғауға өз үлесін қосып жүр.

«Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының баспасөз қызметі