ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ФАКТІ РАСТАЛМАДЫ

Ағымдағы жылдың 14 наурыз күні WhatsApp әлеуметтік желісінде киіктердің Казталов ауданындағы Қараөзен (Үлкен) өзеніндегі мұз үстінде қалып қоюы туралы видео тараған болатын. Аталған жәйт бойынша оқиға орнына «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері жедел түрде барып, келесі мәселелерді анықтады.

Аталмыш видео Казталов ауданының Ақпәтер ауылдық округінде Қараөзен бойында түсірілген. Аталған факті бойынша Ақпәтер ауылдық округінің әкімі Төлеген Сүйінішқалиев, округтің мал дәрігері, жетекші маманы Абай Төлешев, «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының бақылау-тексеру басқармасының басшысы Батырхан Байғонақов, табиғи кешендер бөлімінің басшысы Аслан Сәрсембиев, аңтанушы-биолог Баймағанбет Сағадденов, «Охотзоопром» өңірлік бөлімшесінің жануарлар дүниесін қорғау инспекторлары Е.Ақжанов, Ж.Абылханов, Д.Таженов оқиға орнында болып, киіктерді құтқару шарасын ұйымдастырды.

Оқиға орнына барған уақытта Ақпәтер ауылдық округінің Батыс бағытында, шамамен 5 шақырым қашықтықта 100 шақты киік жануары Қараөзен өзенінен мұз үстімен Талдықұдық ауылдық округі бағытына өткен. Сол уақытта киіктердің мұз үсінде қалғаны немесе өлгені туралы факті тіркелген жоқ.

«Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының баспасөз қызметі