КӨМЕК БЕРУГЕ ДАЙЫН

Бүгін Казталов ауданына жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Ернар Ермекұлы Жалелов келді.

Облыстан келген басқарма басшысының негізгі мақсаты — Казталов ауданыдағы азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарының өрт қауіпті кезеңге дайындығын тексеру.

Ернар Ермекұлы сапқа тұрған Казталов ауданының азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарының өрт қауіпті кезеңге дайындығымен танысты. Жалпы Казталов бойынша 13 азаматтық қорғау қызметтері бар болса, оларға «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватына қарасты орман өрт сөндіру станциясы әркез көмекке келуге дайын. Осыдан екі жыл бұрын құрылып, жасақталып жатқан орман өрт сөндіру станциясы қарамағында өрт сөндіруге арналған 14 арнайы техника мен қосымша құралдар және 15 жеке құрам қызметте. Орман өрт сөндіру станциясың басшысы Ғатау Сәрсембиев өрт қауіпті кезеңінде «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының орман өрт сөндіру бөлімінің техникалары мен жеке құрамы резерват аумағындағы елді мекен тұрғындарына әркез көмек беруге дайын екенін алға тартты.

Қандай да болмасын төтенше жағдайларға сақадай сай дайын тұрған «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының орман өрт сөндіру бөлімінің дайындығын өз көзімен көрген облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Ернар Ермекұлы риза болып, оң бағасын берді.