РЕЗЕРВАТ АУМАҒЫНДА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

«Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының мемлекеттік инспекторлары тобы Казталов ауданынан екі экипаж, Жәнібек ауданынан бір экипаж, Бөкейорда ауданынан бір экипаж резерват аумағына кіретін территорияларда мониторгинг жұмыстарын жүргізуде. Мемлекеттік инспекторлар мониторинг жұмыстарына қажетті барлық құрлығылармен толықтай жабдықталған.

Мониторинг жұмыстарының басты мақсаты — резерват террриториясында ақбөкендер миграциясының қауіпсіз өтуін қадағалау. Сонымен қатар, резерват аумағына кіретін ауылдық округ территорияларындағы дәл бүгінгі күндегі киік саны туралы ақпараттар алуда. Мұнымен қоса, мемлекеттік инспекторлар өздері қорғайтын аумақта су тасқынына да қатысты ақпарат жинайды. Қазіргі уақытта резерват аумағында тасқын судан қауіп жоқ және табиғи апат салдарынан өлген жануарлар тіркелмегені анықталып отыр.