Резерват аумағында тасқын су мен дала өртінің алдын алу мақсатында «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты Өрт сөндіру станциясының өртке қарсы дайындығы тексерілді.
Өрт сөндіру станциясы жеке құрамының дайындық жұмыстарын Батыс Қазақстан облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Талғат Тұрсынов, Казталов аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің маманы Айнар Сәкенов тексерді.
Тексеріс барысында «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты Өрт сөндіру станциясысының бастығы Ғатау Сәрсембиев өртке қарсы қызметтің жұмысымен таныстырып, жеке құрамның және арнайы техникалар мен құрылғылар жөнінде баяндады.
«Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты Өрт сөндіру станциясысының жеке құрамы төтенше жағдайларларға сақадай сай дайын тұр.