БӨКЕЙОРДА РЕЗЕРВАТЫНДА ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

9 ақпан күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Қажмұрат Мақсотұлы Ахмеденовтың төрағалығымен «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында жүргізілетін университет жобаларын талқылау жиыны оздырылды. Жиынға «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының Ғылыми, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің басшысы Айкөркем Қайранова, аға ғылыми қызметкер-мемлекеттік инспектор Карина Айтқалиева, «Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясының (АСБК)» резерватты басқару жоспарын әзірлеуші ғылыми қызметкері Алена Кошкина, «Сібір экологиялық орталығы» ЖШС ғылыми қызметкері Илья Смелянский қатысты.

Жиында «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында ғылыми мақсатта жүргізілетін ботаникалық-зоологиялық зерттеулер жүргізу және Аралсор халықаралық ғылыми жартылай стационарын құру сынды бірқатар жобалар талқыланды. Осы мақсатта алдағы 5 жылдыққа әзірленген күнтізбелік жоспар егжей-тегжейлі пысықталды.

«Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының баспасөз қызметі