«Бөкейорда» МТР РММ мамандарымен және РҚБ АСБК қолдауымен оқушыларға «Ақбөкеннің мекеніне инспекторлармен сапар» атты іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара Қошанкөл а/о қарасты Көктерек тоғайында (аталған тоғай резерват аумағына кірмейді) өткізілді.

Іс-шараның өткізілу мақсаты: оқушыларға табиғатымыздағы аң, құстардың тіршілік ортасын таныстыру және визуалды бақылауды жүзеге асыру. Табиғатқа қамқорлық көрсетуде козқарастарының дұрыс қалыптастырылуына ықпал жасау.

Бағдарламада:

  1. оқушылармен Көктерек тоғайына сенбілік жасалды.

  2. “Ойлан тап” ойыны ұйымдастырылды.

  3. Тоғайда кездескен құс түрлері анықтағыш бойынша анықталды.

  4. Арнайы құрылғылармен жұмыс жасау барысы көрсетілді.

  5. “Құлақ асып, тауып көр” атты құстардың дауысын жасыру ойыны өткізілді.

  6. Аң түрлеріне визуалдық бақылау және жиналған ақпаратты анализдеу, қосымша бағдарламаларды қолдану бойынша тәжірбие бөлісілді.

Іс-шара соңында қатысқан оқушыларға АСБК қолдауымен алынған сыйлықтар табысталды.

Аталған іс-шараны өткізуде қолдау көрсеткені үшін @acbk.kz @saiga_conservation алғысымызды білдіреміз!