«БӨКЕЙОРДА» МТР БАСҚАРУ ЖОСПАРЫН ӘЗІРЛЕУ БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР БАСТАУ АЛДЫ

2 наурыз күні «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватында Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассосациясы (ҚБСА) және Корольдік құстарды қорғау қоғамының (RSPB) өкілдерінің қатысуымен өтетін 8 күндік семинар бастау алды. Семинардың алғашқы күнінде «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының және «Ащыөзек» табиғи қаумалының жергілікті, ұлттық және жаһандық тұрғыдан маңыздылығы, резерват пен қаумалдағы әртүрлі жануарлар мен құстардың мекендеу орындары талқыланды. Сонымен қатар, «Бөкейорда» МТР жұмысын жетілдіру мақсатындағы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті – АСБК – RSPB бірлескен жобасының қысқаша тұсаукесері өтіп, резерват пен қорық аумағының негізгі түрлері мен экожүйелері ұсынылды. Сондай-ақ Ерекше қорғалатын табиғи аумақты басқару жоспары, құжатты әзірлеудің мақсаты мен кезеңдері түсіндіріліп, оны бекіту жұмыстары жүргізілді. Басқару жоспарының құрылымы, Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың негізгі құндылықтары және алдағы 5 жылда жұмыс жоспарында негізге алу керек құндылықтар түсіндірілді.

«Бөкейорда» МТР баспасөз қызметі

ЗКО территориальная инспекция лесного хозяйства и животного мира АСБК - Казахстанская ассоциация сохранения биоразнообразия RSPB