«БӨКЕЙОРДА» МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТЫНЫҢ ҰЖЫМЫ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

21 наурыз күні «Достық» саябағында өткен Наурыз мейрамында «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының ұжымы белсенділік танытты. Айтулы мерекеде ұжым халыққа арнайы мерекелік дастархан жайып, «Наурыз көже» мен ұлттық тағамдар ұсынды. Сонымен қатар, қызметкерлеріміз ұлттық ойындарда да мықты екендіктерін көрсете білді. Атап айтар болсақ, резерваттың мемлекеттік инспекторлары «Арқан тартыс» ұлттық ойынында жүлделі ІІІ орынға ие болса, кіші қызметкеріміз Венера Бекенова «Жүн түту» сайысынан жүлделі І орынға ие болды. Бұл әріптестеріміздің ұлттық ойындар мен ұлттық дәстүрімізді дәріптеп жүргендігінің айқын көрінісі деп білеміз. Сонымен қатар, «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының ұжымы мерекеге орай, Казталов ауылының бір көп балалы отбасына арнайы әлеуметтік қоржын сыйға тартты.

«Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының баспасөз қызметі