БАЛАЛАРДЫ ШЫҢДАҒАН «АТАМЕКЕН»

«Атамекен» балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы 2001 жылы бейінді, көпфункционалды қосымша білім беру мекемесі ретінде ашылған. Оның ұжымы жұмысының негізінде әр түрлі іс-әрекетке нақты енгізу негізінде әр баланың жеке басын жан-жақты дамыту идеясы болды және солай болып қала береді. Бұл жағдайда балалардың мүдделері мен қажеттіліктерінің басымдығы, еріктілігі және баланың белгілі бір қызмет түрін, бағытын таңдау құқығы негізгі принциптер болып табылады.

Өлкетану – өскелең ұрпақты туған жерін сүюге, өз Отанының патриоты болуға баулитын ерекше сала. Жаслан Сакенов басқаратын «Атаме­кен» балалар мен жасөспірімдер­дің туризм және экология орталы­ғы өңірдегі жалпы және қосымша білім беру саласын өзара үндесті­ріп, Батыс Қазақстан облысының негіз­гі туристік брендін қалыптастыра­тын нысан.

Орталыққа Орал қаласының 32 мектебінің негізгі қызметкерлері мен 59 қосымша білім беру педагогтары тартылған, олардың 103 үйірмесі бар. Үйірмелерде Орал қаласының 1533 оқушысы қосымша білім алуда.

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қолдауымен «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері «Атамекен» балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығына сапар шекті.

«Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының аңтанушысы Болат Айдынғалиев, экологиялық ағарту маманы Жұмазия Нысанғалиева, аға ғылыми қызметкер Айкөркем Қайранова, табиғи кешендерді қорғау жөніндегі бас маманы Алуа Хайргалиева, мемлекеттік инспектор Жамбыл Өтешқалиев «Атамекен» орталығының жұмысымен танысып, оқушылармен кездесті.

Кездесу барысында Батыс Қазақстан облысында алғаш рет құрылған «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты туралы түсінік берілді. Резерват жөнінде мол мағлұматтарға қаныққан оқушылардың да, олардың жетекшілерінің де қызығушылықтары артып, алдағы уақытта бірлесе жұмыстану туралы ұсыныс тасталды