25 НАУРЫЗ КҮНІ ЖЕР САҒАТЫ АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

Жуырда Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының Қазақстандағы сайты (WWF) жыл сайын «Жер сағаты» акциясы аясында бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдар үйлері мен пәтерлеріндегі жарықты бір сағатқа өшіретіндігін хабарлады. Қазақстанда «Жер сағатын» WWF-тың Орталық Азиядағы бағдарламасы, Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы, G-Global жасыл экономика және даму коалициясы және «Тұрақты даму» Жер Қоры ұйымдастырады. Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен ағымдағы жылы «Жер сағаты» 25 наурыз күні сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін (Астана уақытымен) өтеді. Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының сайтындағы ақпаратқа сәйкес, WWF-тің Орталық Азиядағы жұмысының мақсаттары мынадай:

  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қолдау (ЕҚТА);
  • жануарлардың сирек кездесетін түрлерін сақтау — Батыс Азия барысы, Барыс, Бұхара бұғы, қарақұйрық, ақбөкен және басқалар;
  • «Экологиялық дәліздерде» жаңа ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және экологиялық қолайлы даму жүйесін құруды қоса алғанда, кешенді экологиялық желіні дамыту;
  • климаттың өзгеруін азайту және оларға бейімделу;
  • жергілікті халықты ағарту және жергілікті экономиканы дамытудың баламалы, экологиялық қолайлы жолдарын қолдау, сондай-ақ экологиялық білім беру.

Жалпы «Жер сағаты» экологиялық акциясы Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының бастамасымен (WWF) 2007 жылдан бері бүкіл әлемде ұйымдастырылып келеді. Акцияға әлемнің 180 елі қатысады. Ал, Қазақстан атаулы акцияға 14-ші рет қатысады. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпараттарға сүйенсек, дәстүр бойынша, наурыздың соңғы сенбісінде әртүрлі экологиялық тақырыптарға назар аудару үшін дүние жүзіндегі миллиондаған адамдар 20:30-дан 21:30-ға дейін үйлері мен пәтерлеріндегі шамдарды символдық түрде өшіреді. Сонымен қатар, әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштері мен маңызды ғимараттары жарықтандыруды сөндіреді. Акцияны елдердің мемлекеттік және жеке ұйымдары да қолдайды. Өткен жылдары Қазақстанда акция экологиялық белсенділік, жануарлардың сирек кездесетін түрлерін қорғау және экотуризм мәселелеріне баса назар аударды. 2023 жылы республикадағы "Жер сағаты" елдің табиғатын сақтаудың маңыздылығы тақырыбына орайластырылды. Барша қазақстандықтарды 25 наурыз күні сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін (Астана уақытымен) үйлердегі, пәтерлердегі, көше жарықтарын және стратегиялық маңызы бар нысандар мен ескерткіштердің жарықтарын өшіріп, акцияға үн қосуға шақырамыз! «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының баспасөз қызметі