«ЕУРОПА – АЗИЯ» ТУРИСТІК САЙЫСЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

24 қыркүйек күні «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты қатысуымен қосымша білім беру орталықтарының ұйымдастыруымен бірлескен «Еуропа – Азия» туристік сайысының ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақ арасында туризм мәдениетін дамыту, табиғатты аялау құндылықтарын насихаттау, туған өлкенің табиғи және тарихи ерекшеліктеріне қызығушылықты арттыру, сондай-ақ қатысушылардың туристік-спорттық дағдыларын жетілдіру.

«Бөкейорда» резерваты үшін табиғатты қорғау – тек табиғи аумақтарды сақтау ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақтың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру.

Барлық қатысушыларға сәттілік, көтеріңкі көңіл-күй және жарқын жеңістер тілейміз!