Жуырда «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясының (АСБК) мамандарымен бірге резерват аумағындағы дала қыранына белгі тағу (кольцевание) жұмысына қатысты. Атап айтар болсақ, Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясының (АСБК) бас маманы Роман Александрович, ғылыми қызметкері Илья Смелянский және «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының «Ғылыми, ақпарат және экологиялық мониторинг» бөлімінің басшысы Айкөркем Қайранова, мемлекеттік инспекторлар Мирлан Нұролла, Алик Нұржанов аталған далалық жұмысқа қатысты.
Құстарды сақиналау – орнитологияда жабайы құстардың биологиясын зерттеу үшін қолданылатын таңбалау әдісі. Сақина құсты ұстап алып, оның табанына нөмірмен сақина тағу арқылы жүреді.
«Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының баспасөз қызметі