Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде басталған киік санағы 18 сәуір күні Казталов ауданында жалғасын тапты. Киіктердің Орал популяциясының санағына Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылыми қызметкерлері, «Охотзоопром ӨБ» РМҚК және «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының мемлекеттік инспекторлары қатысты. ЕС-145 (Evrocopter) тікұшағымен жүргізілген санақ жұмыстарының ұзақтығы 60 сағатты құрайды. Инспекция мамандарының айтуынша, санақ қорытындысы маусым-шілде айларында жарияланады. Киік санағына «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының «Табиғи кешендер мен объектілерді өсіру және табиғатты пайдалану» бөлімінің басшысы Аслан Сәрсембиев, «Ғылыми, ақпарат және экологиялық мониторинг» бөлімінің басшысы Айкөркем Қайранова қатысты. «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының баспасөз қызметі