обратный звонок
Обсудите ваш проект с нашими экспертами
«Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары резерват аумағына шығып, мемлекеттік табиғи резерваттың шекарасын белгілейтін бағандарға тексеру жүргізіп, жөндеу жұмыстарын атқарды.
Жұмыс барысында табиғи факторлардың әсерінен зақымданған және қалпына келтіруді қажет ететін шекаралық белгілер жөнделіп, олардың көрінуі мен сақталуы қамтамасыз етілді.
Шекаралық бағандар – ерекше қорғалатын табиғи аумақтың нақты шекарасын айқындайтын маңызды нысандардың бірі. Оларды тұрақты күтіп-ұстау және уақытылы жөндеу резерват үшін маңызды рөл атқарады.