17.02.26 жылы «Бөкейорда» МТР бас ғимаратында 2025 жылдың қорытынды жиналысы өтті.
Аға ғылыми қызметкер А.А. Қайранова ОШжЖД комитетіне тапсырылған жылдық есептің нәтижелерімен бөлісті. Есеп барысында мекеменің 2025 жыл ішінде атқарған ғылыми-зерттеу, мониторинг және табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстары жан-жақты сараланып, негізгі көрсеткіштерге талдау жасалды.
Жылдық есеп қорытындыланып, анықталған ескертулер талқыланды. Сонымен қатар, алдағы уақытта кемшіліктердің алдын алу, жұмыс сапасын арттыру және есептілікті жетілдіру бойынша нақты шаралар белгіленді.
Жиын барысында жылдық жоспардың орындалуы бойынша тапсырмалар беріліп, әр бөлімге нақты міндеттер жүктелді.
Алдағы кезеңде қойылған міндеттерді сапалы әрі уақытылы орындау – ұжымның ортақ мақсаты. Жауапкершілік пен жүйелі жұмыс – негізгі басымдық болып қала береді.