Жоспарға сәйкес ҒТҚ (НТС) отырысы өткізілді

Жоспарға сәйкес мекемеде ғылыми-техникалық кеңес (НТС) отырысы өткізілді. Кеңеске барлық бөлім өкілдері қатысып, бекітілген жоспарға сәйкес атқарылған жұмыстар бойынша есептер тыңдалды.

Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты қаралып, бөлімдердің жұмыс барысы талқыланды. Отырыс барысында жоспарға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сонымен қатар қатысушылар тарапынан ұсыныстар айтылып, олар хаттамаға енгізілді.

Алдағы уақытта берілген ұсыныстардың орындалуын қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.