2026 жылғы 11 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 09:38 шамасында «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты РММ мемлекеттік инспекторлары А. Боканов, А. Нұржанов, М. Нұролла және А. Галиуллин Жаңақала аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері — аға лейтенант Е. Молдағалиев және табиғатты қорғау полициясының инспекторы, майор М. Қарабалинмен бірлесіп рейдтік іс-шара жүргізді.
Бірлескен рейд барысында Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Қырқопа ауылдық округіне қарасты Жолқұдық елді мекенінің маңындағы Жалтыркөл мемлекеттік табиғи қаумалы аумағында заңсыз аң аулау фактісі анықталды.
Тексеру нәтижесінде аталған оқиғаға қатысы бар А., Ә. және Е. есімді азаматтар анықталып, заңсыз ауланған 8 сұр қаз бен 2 барылдауық үйрек тіркелді. Қазіргі уақытта оқиға бойынша тиісті материалдар жинақталып, тексеру жұмыстары жүргізілуде.