МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН БІРГЕ ТЕРЕК ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

21 сәуір – Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні.
21 сәуір күні Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күніне орай, «Парктер шеруі - 2023» экологиялық акциясы аясында Казталов мектеп-лицейінің оқушыларымен бірге теректер отырғызылды. Экологиялық айлық аясында ұйымдастырылған іс-шараға «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының «Ғылыми, ақпарат және экологиялық мониторинг» бөлімінің басшысы Айкөркем Қайранова, аға ғылыми қызметкер Карина Айтқалиева, экологиялық білім беру маманы Жұмазия Нысанғалиева, «Табиғи кешендер мен объектілерді өсіру және табиғатты пайдалану» бөлімінің табиғи кешендерді қорғау жөніндегі бас маманы Жандос Базарбай қатысты. Резерват мамандары оқушылармен бірге аудан орталығындағы Казталов мектеп-лицейінің жатақханасы аумағында теректер отырғызды.
«Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының баспасөз қызметі