Егістік алқаптарына мониторинг жүргізілді!

2026 жылғы 19 тамызда «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының директоры Турсинов Талғат Жексенұлы Жәнібек және Казталов аудандарындағы егістік алқаптарының жағдайына мониторинг жүргізіп, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Жұмыс сапары барысында шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесулер өткізіліп, ауыл шаруашылығы алқаптарының жай-күйі, жүргізіліп жатқан жұмыстар және табиғатты қорғау талаптарының сақталуы мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, жер ресурстарын тиімді пайдалану, табиғи аумақтарды сақтау және жер пайдаланушылармен өзара ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды.