«Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде!

Аңшылық маусымының ашылуына және қазіргі таңда өрт қауіпті кезеңнің жалғасуына байланысты «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты инспекторлары рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде жүргізуде.

Рейдтердің негізгі мақсаты – браконьерлік фактілерінің алдын алу, табиғат қорғау заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды заңсыз пайдалануға жол бермеу және ерекше қорғалатын табиғи аумақтың табиғи байлығын сақтау.

Сонымен қатар рейдтер табиғат қорғау полициясының қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырылып, құқықбұзушылықтың алдын алуға ерекше назар аударылады.

Рейд барысында заң бұзушылық фактілері анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданып, әкімшілік хаттамалар табиғат қорғау полициясы тарапынан рәсімделеді.