«Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні» аясында сенбілік өтті!

Бүгін «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай сенбілік өтті.

  1. Іс-шара барысында «Ғылыми, ақпарат және экологиялық мониторинг» бөлімінің мамандары сөз сөйлеп, табиғатты қорғаудың маңыздылығын атап өтті.
  2. Қатысушылар көгалдандыру және тазалық жұмыстарына атсалысты.3. Сенбілік соңында белсенділерге алғыс білдіріліп, марапаттар табысталды.

    Табиғатты аялау — ортақ міндетіміз! Осындай шаралар арқылы қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті арттырамыз.