2025 жылғы өрт қауіпті кезені аяқталды

2025 жылы өрт қауіпті кезеніңде “Бөкейорда” мемлекеттік табиғи резерваттың аумағында табиғи дала өрттері немесе дала жану оқиғасы сондай-ақ төтенше жағдайлар орын алған жоқ. Бұл жағдай резерваттың жеке құрамының табиғи дала өрттерінің алдын алу мен болдырмау мақсатында атқарған жұмыстарының нәтижесі. Резерват аумағында өрт қауіпсіздігі туралы 20 дана аншлаг орнатылды, шекара бойынан 400 шақырым жері минералдандырылған жолақ жасалды, жеке шаруа қожалықтары мен тұрғылықты халыққа жадынама, ескерту парақтары таратылды, өрт қауіпті кезеніңде мекеме қызметкерлер ішінде кезекшілік ұйымдастырылды.

“Өрт - тілсіз жау”