ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА БОЛАШАҚ!

«Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының бас ғимараты аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында көгалдандыру және санитариялық тазалық жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында ағаштар мен көшеттер отырғызылып, ғимарат аумағы тазартылды.

Туған жердің тазалығы мен көркеюіне үлес қосу – қоршаған ортаға деген жанашырлықтың көрінісі. Табиғатты аялау әрқайсымыздың күнделікті дағдымызға айналсын!

Тазалықты сақтау – ортақ міндет!