обратный звонок
Обсудите ваш проект с нашими экспертами
«Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында ұжымдық жиналыс өтті.
Жиналыс барысында резерваттың заңгері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен жауапкершілігі туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау және адалдық пен ашықтық қағидаттарын нығайту.
Жиналыс қорытындысы бойынша қатысушылар өзара пікір алмасып, тиісті хаттама рәсімделді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Заңды құрметтеп, адал қоғам құруға бірге атсалысайық!