«Браконьерлік фактілерді анықтау» рейдтік іс-шаралары тұрақты түрде жүргізілуде!

«Жалтыркөл» мемлекеттік табиғи қаумалы аумағында бекітілген жоспарға сәйкес браконьерліктің алдын алу және табиғат қорғау заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Іс-шара барысында мемлекеттік инспекторлар аумаққа визуалды мониторинг жүргізіп, заңсыз аңшылықтың және табиғат пайдалану қағидаларының бұзылуына жол бермеу бағытында бақылау жұмыстарын атқарады.

Рейдтердің негізгі мақсаты – браконьерлік фактілерінің алдын алу, табиғи ресурстарды заңсыз пайдалануға жол бермеу және ерекше қорғалатын табиғи аумақтың табиғи байлығын сақтау.

Сонымен қатар рейдтер табиғат қорғау полициясының қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырылып, құқықбұзушылықтың алдын алуға ерекше назар аударылады.

Рейд барысында заң бұзушылық фактілері анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданып, әкімшілік хаттамалар табиғат қорғау полициясы тарапынан рәсімделеді.