«АҚБӨКЕН» КЛУБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ РЕЗЕРВАТТА ЭКСКУРСИЯДА БОЛДЫ

Казталов ауданы, Тереңкөл ауылдық округіндегі Тереңкөл мектеп-бөбекжай кешенінің «Ақбөкен» клубы мүшелеріне «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсия барысында оқушылар резерваттың табиғи ерекшеліктерімен және мемлекеттік инспекторлардың қызметімен танысты. Оқушылар инспекторлық тұрғын жай (кордон) барып, инспекторлардың дала жағдайындағы күнделікті жұмысымен, табиғатты қорғау бағытындағы қызметімен танысты.

Кездесу барысында оқушыларға ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғаудың маңызы түсіндіріліп, табиғатқа жауапкершілікпен қарау жөнінде ақпарат берілді.

Іс-шараға «Ақбөкен» клубының жетекшісі Жалиева Айкүн Бактыкереевна және кәсіби бағдар беру маманы Даулетова Жаухар Ханатовна қатысты. Белсенділік танытып қатысқан барлық оқушыларға және жетекшілерге алғыс білдіреміз!