обратный звонок
Обсудите ваш проект с нашими экспертами
«Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының мемлекеттік инспекторларына қызметтік міндеттерін орындау кезіндегі қауіпсіздік талаптары түсіндірілді.
Дәріс барысында дала жағдайында жұмыс істеу, қолайсыз ауа райында әрекет ету, көлік пен байланыс құралдарын қауіпсіз пайдалану, белгіленген маршруттан ауытқымау және қызметтегі қауіпсіздік мәселелері қаралды.
Сондай-ақ өрт қауіпсіздігі, сақтық шаралары және төтенше жағдайда жедел байланысқа шығу тәртібі түсіндірілді.
Инспекторларға қызметке шығар алдында арнайы киімдерін, құрал-жабдықтарын, алғашқы медициналық көмек қобдишасын және құралдарын тексеру жөнінде нұсқау берілді.